МЕЙІРІМ ШУАҒЫН ТӨККЕН ТҰЛҒА ШЕР РАИСА ПЕТРОВНА – БІЗДІҢ МЕКТЕПТЕ ҚОНАҚТА

Көктемнің шуақты күнінде Қызылорда қаласы, Б.Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицейінде Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі Білім және ғылым министрінің кеңесшісі, Республикалық оқу-әдістемелік орталығының директоры Шер Раиса Петровна қызметтік іс сапармен болды. Осы орайда білім беру ұйымының жұмыстарын зерделей келе, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда және кәсіби бағдар беру жолында жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Биязы мінезінің ерекше өрнегімен, байыпты сөйлеу мәнерімен ерекшеленген Шер Раиса Петровна мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен, оқушыларымызбен ашық әңгіме өрбітіп, ерекше әсер қалдырды.

Кездесу аясында мектебіміздің «Естелік кітабының» алғашқы бетіне қадірлі ұстазымыз Шер Раиса Петровна алтын сөзді ақ тілегімен өз қолтаңбасын қалдырды.

Бірлескен жұмыстың жүйелі түрде жүргізілуіне байланысты Қызылорда Облыстық білім басқармасының басшысы Қасымова Ақзира Бақтыбайқызына, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы Баймурзаева Динара Конақбаевнаға шексіз алғысын білдірді.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТ

Қызылорда қаласы, Есімхан көшесі №19Б

  • +7 (724) 270 15 90

  • +7 (724) 270 15 90

  •  278ortamektep@mail.ru

Search