Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы-150 жаста

ҰЛТ ҰСТАЗЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – 1️⃣5️⃣0️⃣ ЖАСТА?
?Биыл еліміз төл тарихымызда орын алатын Алаш азаматтарының бірегейі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өтуде.
⚜️А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
✅ҰЛТТЫҚ ЖАЗУДЫҢ РЕФОРМАТОРЫ,
✅ТҮРКІТАНУШЫ,
✅ПУБЛИЦИСТ,
✅ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ,
✅ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІ БОЛА БІЛДІ.
?Ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойына орай ?Б.Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицейінде 11-сынып оқушыларының қатысуымен филология ғылымдарының докторы, доцент, академиялық профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының мүше-корреспонденті Жеңіс Сәдуақасұлымен кездесу өтті.
?Кездесудің мақсаты – өскелең ұрпаққа ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, «қазағым» деп жүрегі соққан, халқын алға жетелеуге ұмтылған, оның зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан тіл білімінің атасы – А.Байтұрсыновты жан-жақты таныту, ұлт ұстазы туралы тың деректермен бөлісу.
?Кездесу барысында Ж.Сәдуақасұлы ғалымның елді ағарту жұмыстарындағы рөлі, тіл мен әдебиет ғылымдарының негізін салудағы зор еңбегіне? тоқталып өтті.
?Алаш баласының сауатын ашып, қазақ халқын өркениетті елдің қатарына қосуды мақсат тұтқанын,
✨«Жұрт ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын,
Ел – бүгіншіл,
Менікі – ертең үшін»✨
деген Ахмет Байтұрсынұлының болашақ ұрпақ үшін қызмет еткенін атап өтті.
?Келелі кездесу өз дәрежесінде өтіп, оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар алынды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТ

Қызылорда қаласы, Есімхан көшесі №19Б

  • +7 (724) 270 15 90

  • +7 (724) 270 15 90

  •  278ortamektep@mail.ru

Search