МЕКТЕП, АТА-АНА, ОҚУШЫ – ҮШТІК ОДАҒЫНЫҢ БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН КҮН

МЕКТЕП, АТА-АНА, ОҚУШЫ – ҮШТІК ОДАҒЫНЫҢ БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН КҮН

Адамның адамшылдығы жақсы ата-ана мен жақсы ұстаздан болады. Тәрбиенің таразы⚖️ секілді екенін ескерсек, екі басының тең түсуіне көп көңіл бөлген абзал. Қазақ зиялыларының бірі М.Жұмабаевтың: «Тәрбиедегі мақсат баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару»? деп айтуы бала тәрбиесіндегі ата-ана, мектеп, қоғам алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын дәлелдейді.

?Ұлттық мереке, Республика күні?? қарсаңында Б.Момынбаев атындағы № 278 IT мектеп-лицейінде ?«МЕКТЕП, ОҚУШЫ, АТА-АНА: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚЫРЛАРЫ»? тақырыбында АШЫҚ ЕСІК КҮНІ өткізілді. Оқыту үдерісіндегі жаңашыл бастамалар мен инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа көзқарасты оқушы даярлауда ата-аналардың ықпалын, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруды мақсат еткен бұл шараға көптеген ата-аналар қатысты.

?Ата-аналар балалардың уақытын тиімді әрі көңілді өткізу мақсатында мектеп-лицейіміздегі түрлі бағыттағы үйірме жұмыстары, атап айтар болсақ, спорттық бағытта футбол⚽, баскетбол⛹️‍♂️, гандбол?, таэквандо?, үстел теннисі?, шахмат үйірмелері, технологиялық бағытта тігін тігу✂️, бисер тоқу?, ағаш шебері үйірмелері, ІТ? бағытта робототехника үйірмесі, «Еркемай» би үйірмесі, «Балбырауын» домбыра үйірмесі, «Балдаурен» хор үйірмесі және HITECH? шеберханасындағы оқушылардың жұмыстарымен танысты.
Одан әрі мектеп оқушылары өз қолымен жасаған әр түрлі бұйымдар, әдет-ғұрпымызға байланысты жасалған тұрмыстық заттар мен «Үздік дәптерлер»?? қойылған көрмені тамашалаумен жалғасты.

?Ашық есік күнінде Оқу-ағарту министрі ұсынған жобалар да жоғары деңгейде таныстырылып, "Оқуға құштар мектеп" жобасы,"Ұшқыр ой алаңы"дебат қозғалысы, "Мектеп парламенті" өзін-өзі басқару ұйымы, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі О.Дастанбекқызының жетекшілігімен мектеп оқушыларынан құралған "Шамшырақ" театрының жұмысы өз жаңашылдығымен ерекшеленді.

?«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жергілікті ұстаз, ақын С.Қабыловтың ✨«Жезкиік, кешірші адамды!»✨ атты балладасы, орыс тілінде қойылған Ш.Айтматовтың ✨"Ақ кеме"✨ повесінен үзінді, ағылшын тілінде қойылған ✨"Cinderella"✨ ертегісі ата-аналар көңілінен шығып, бала тәрбиесіндегі, жалпы қоғам тәрбиесіндегі таптырмас құрал, адам жанының рухани жетекшісі – көркем шығарма? екендігін тағы бір мәрте дәлелдегендей болды.

?Ата-аналар мұғалімдердің ашық сабақтарына қатысып, олардың жаңашыл идеялары мен кәсіби шеберліктеріне оң баға берді.

?Ашық есік күніне жоспарланған іс-шаралардың нүктесін Ұлттық мереке күніне арналған концерттік бағдарлама қойды. Мектеп мұғалімдерінің өзара тәжірибе бөлісіп, өз білімі мен білігін сынау үшін ұйымдастырылған шаралардың қайсысында болмасын, ата-аналардың белсенділікпен қатысуы іс-шараның көркін қыздыра түсті.?

?Шара соңында ата-аналар ашық есік күнінен алған әсерлерін жасыра алмай, ыстық ықыласпен алғыстарын жеткізді. Жанға жылулық сыйлар ата-аналардың лебіздері мектеп ұжымының сенімділігін арттырып, арманына қанат бітіргендей болды.
Image
Image
Image

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТ

Қызылорда қаласы, Есімхан көшесі №19Б

  • +7 (724) 270 15 90

  • +7 (724) 270 15 90

  •  278ortamektep@mail.ru

Search